Бүгін Үкімет отырысында құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы қолжетімді тұрғын үйдің жаңа бағдарламасын таныстырды

  АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин қолжетімді тұрғын үйдің жаңа бағдарламасының жобасын таныстырды.
None
None

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын әзірлеу және 1 шілдеге дейін оны қабылдау тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп тұрғын үй құрылысының негізгі бағыттарын анықтады. Қаржы ресурстарына қажеттіліктің есебін жүргізіп, 2020 жылға дейінгі құрылыстың болжанған көлемін есептеді», - деді агенттік басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа бағдарламаның жобасында тұрғын үй құрылысының 6 бағыты бойынша мемлекеттік қолдау қарастырылып отыр. Атап айтқанда, біріншісінде жергілікті атқару органдарының тұрғын үй салуы, оны «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы сатуы, екіншісінде кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу, сондай-ақ үшіншісінде жеке тұрғын үй құрылысы қарастырылуда.

Бұдан кейінгі бағытында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тарту, бесіншісінде «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы жас отбасылары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу мүмкіндігі бар. Ал, соңғы бағытта «СамұрықҚазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үйлерінің құрылыстары қамтылып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар