09:03, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бүгін Үкімет отырысында нысандардың қысқа дайындығы және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу мәселелері қаралады
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Үкімет үйінде министрлер кабинетінің кезекті отырысы өтеді.
Онда нысандардың 2010-2011 күзгі-қысқы кезеңге дайындықтарының барысы, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралатын болады.