07:30, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Бүгін жекелеген аймақтарда жауын-шашынды, оңтүстікте - найзағай, өткінші жаңбыр, шаңды дауыл аралас күшті желдер күтілуде
АНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағына атмосфералық ағындардың ықпалы жалғасады.
Жекелеген аймақтарда жауындар, оңтүстік бөлікте найзағай мен өткінші жаңбыр, шаңды дауыл аралас күшті желдер күтілуде. Ал Қазақстанның батысы бүгін антициклонның әсерінде болады.
Атап айтқанда, Алматы және Жамбыл облыстарында күндіз жекелеген жерлерде 15-20 м/с екпінде жел соғады.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында желдің күші секундына 15-22 метрді құрайтын болады, Қызылордада оған шаңды дауыл араласады.
Қостанай облысының кейбір өңірлерін түнде тұман басуы ықтимал.