Бүгінде көптеген жұмыс берушілерге жұмысшы мамандар қажет - Ақтөбе облысының жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер одағының төрағасы
Іс-шараны білім беру басқармасы, Ақтөбе облысының жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер одағы, Ақтөбе қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырып отыр.
Көрменің мақсаты - еңбек нарығындағы жоғары сұранысқа ие кәсіптерді таныстыру арқылы жастарға болашақ мамандығын таңдауда көмек көрсету. Атап айтқанда, көрмеде Ақтөбе облысының 80-нен астам жоғары және орта білім ордалары, сондай-ақ РФ Орынбор облысының білім мекемелері өз мүмкіндіктерін көрсетті. Мамандандырылған көрме бес жылдан бері өтіп келеді.
Облыстық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер одағының өкілі Асхат Айтжановтың айтуынша, бүгінгі таңда аймақта шағын және орта бизнестің 40 мыңнан астам кәсіпорындары жұмыс істейді, онда 100 мыңнан астам жұмысшылары бар.
«Бүгінгі таңда көптеген жұмыс берушілерге маман жұмысшылар қажет. Мысалға, біздің мемлекетте «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының құрылысы басталды, жол құрылысының, сервистік қызмет көрсетудің мамандары қажет. Уақыт бір орында тұрмайды, жастарға өздігінен білім алып, жаңа технологияларды оқып-үйренулері қажет. Қазір тіпті мал шаруашылығының өзіне білікті, сауатты малшылар қажет», - дейді А.Айтжанов.
Сондай-ақ көрме аясында дәстүрлі бос қызмет орындары жәрмеңкесі өтті.