Бүгіннен бастап бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақылары жаңа жүйе бойынша төлене бастайды - Г.Әбдіхалықова

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сәуір айынан бастап, жергілікті және орталық атқарушы орган өкілдері бюджеттік мекеме қызметкерлеріне жаңа жүйе бойынша жалақы төлей бастайды.
None
None

Жалақы орташа есеппен алғанда 11 мың теңгеге артады. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, елімізде 1 миллион 400 мың бюджеттік мекеме қызметкерлері бар. «Олардың жалақыларын арттыруға байланысты арнайы жоспар белгіленіп, 53 миллиард теңге қарастырылып қойды», деді Г.Әбдіхалықова.

Соңғы жаңалықтар