Бүгіннен бастап Жаңаөзен қаласындағы жағдай және қалпына келтіру жұмыстары тікелей эфир арқылы көрсетіледі

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгіннен бастап Жаңаөзен қаласындағы жағдай және қалпына келтіру жұмыстары тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақтаудан тікелей бейнебайланысқа шыққан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Бүгін кештен бастап, қаладағы жағдайды және жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарын көрсету үшін тікелей эфирге қосылу басталады», деді Ө.Шөкеев. Сонымен қатар оның атап өтуінше, ағымдағы жағдай туралы қала коменданты күнделікті баспасөз мәслихатын өткізеді. Үкіметтік комиссия тарапы да өз баспасөз қызметтері арқылы бұқараға шынайы ақпараттар беруді қолға алмақ.

Соңғы жаңалықтар