Бүгін Алматы қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Kazinform

«2025 жылғы 2 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» РМК 2 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста көктайғақ күтіледі.

Соңғы жаңалықтар