Бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

«2025 жылғы 31 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, Атырау қалаларында күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК-нің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетейік, кеше «Қазгидромет» РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Соңғы жаңалықтар