Бухаресте қазақстан-румын сауда-экономикалық байланысы талқыланды
деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Наурыздың 31-інде өткен кездесуде М.Власов кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік реформалар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, инвестициялық жобаларға қатысты мәселелердің барлығы бүгінгі таңда мемлекеттің құзырынан Сауда-өнеркәсіптік палаталардың қарауына берілгенін айтып өтті.
Румынияның Сауда-өнеркәсіптік палатасының сондай-ақ, шілденің 1-інде Астанада өтетін іскерлік форумына «Атамекен» кәсіпкерлер одағының шақыруы бойынша қатыспақ ниеті туралы хабарлады.
Қ.Аман өз кезегінде, Қазақстанның Румыниямен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделілігін қуаттады. Дипломат румын кәсіпкерін Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының негізгі баптарымен таныстырып өтті.