Бухгалтер кәсіпорынға 12,3 миллион теңге зиян келтірді

АҚТӨБЕ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті кәсіпорындардан ірі көлемде ақша қаражатын ұрлаған Ақтөбе қаласының тұғынына қатысты қылмыстық істі тексеруді аяқтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаржы полициясы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Aktobe Supply Group» ЖШС-да бас бухгалтер болып істейтін әйел 2006 жылғы қарашадан 2007 жылғы желтоқсанға дейінгі аралықта, сату серіктестіктің негізгі қызмет түрі болып табылатын, шатыр материалдарын сатқаны үшін заңды және жеке тұлғалардан қолма-қол ақша қаражатын алған. Қызмет бабын пайдалана отырып, ол өзіне сеніп тапсырылған ақша қаражатын ұрлаған. Осылайша ол «Aktobe Supply Group» ЖШС-ға жалпы жиыны 12,3 млн. теңге сомасында ірі көлемде материалдық зиян келтірген.

Ақтөбе қалалық №2 сотының үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-бөлімінің «б» тармақшасында көзделген қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды және 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды.

Соңғы жаңалықтар