Бұқаралық ақпарат құралдары үшін дотация есірткі сияқты - Медиақұрылтайға қатысушы

АЛМАТЫ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тапсырыс бұқаралық ақпарат құралдарын масылдыққа дағдыландыруда. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстанның медиа нарығы: оңтайлы басқару және дамытатын тұстары» деген тақырыппен өтіп жатқан 5-ші медиа құрылтайда сөз болды.
None
None

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қальянбековтың айтуынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары тапсырысқа тәуелді емес. Оларға ақшаның жартысы жарнамадан түседі.  Алайда, Болат Серікұлының бұл пікірімен бірқатар сарапшылар өздерінің келіспейтінін білдірді.

«Түркістан» газетінің сарапшысы Нәзия Жоямергенқызының сөзіне қарағанда, республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында жүргізілген сауалнама кезінде мемлекеттік тапсырыс қазақ журналистикасының дамуына кедергі болып отырған мәселердің бірі ретінде көрсетілген. Саясаттанушы, публицист Айдос Сарымның пайымдауынша, тапсырыс беру кезінде көп жағдайда оның тиімділігіне жеткілікті мән берілмейді. Қаражат кейде мақсатсыз жұмсалады. Оның бұл сөзін Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа орталығының директоры Диана Окремова да қоштап отыр. Ал құрылтайдың украиналық меймандарының бірі бұқаралық ақпарат құралдарының бюджетіндегі мемлекеттік тапсырыстың үлесінің жоғарылығына өз таңданысын білдірді. Оның айтуынша, дотация БАҚ-ты масылдыққа бейімдейді. Украинада қазір мұндай БАҚ-тар өлімші халде тірлік кешуде. Сондықтан әрбір ақпарат құралы жыл сайын дотацияның үлесін азайту арқылы, оған деген тәуелділіктен арылуы қажет. Өйткені дотация есірткі сияқты. Оған бойы үйренген ақпарат құралы  өз дербестігінен  айрылады. Жалпы БАҚ бәсекелестік жағдайында ғана өсіп-өркендейді.

Соңғы жаңалықтар