«Бүкіл Ресей» ХІХ Халықаралық медиа-фестивалінің аясында Қазақстан күні өткізілуде
Фестиваль аясында Ресей журналистері одағының бастамасымен және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің көмегімен 3 қазан күні Қазақстан Республикасына арналған.
Қазақстан күні барысында «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің таныстырылымы өткізіліп, оның аясында «Болашақ энергиясы: Астанада дүниеге келіп, бүкіл ғаламшарға тиесілі» панельдік пікірталасы болып өтеді.
Медиа-фестивальдің қатысушыларына сондай-ақ «Қазақфильм» киностудиясының «Балалық шағымның аспаны» фильмі, режиссер Б.Қайырбековтің «Дешті Қыпшақ» деректі фильмі, режиссер Е.Тұрсыновтың «Шал» көркем фильмі, сондай-ақ Б.Нүсімбековтің «Шәкен Айманов: Адам және Аңыз» атты деректі фильмі ұсынылады.
Фестиваль қатысушыларының назарына сондай-ақ Н.Назарбаев туралы «Жасампаз» кітабы ұсынылады. Қазақстан күні барысында Ресей Тілшілер одағы мен Қазақстан Тілшілер одағының сыйлықтарын табыстау өтеді.