10:00, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бұланды ауданында жыл басынан бері екі мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Бұланды ауданында ағымдағы жыл басынан бері екі мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 15 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңір басшысы Ермек Нұғымановтың айтуынша, іске қосылған баспаналарға жұмсалған барлық қаражаттың 33,3 миллион теңгесі жеке үй салушылар есебінен тартылған көрінеді. Жалпы жыл ішінде аймақта құрылыс жұмыстарына 841,4 миллион теңге инвестиция тартылған. Нәтижесінде 17 тұрғын үй, 4 сауда орны, басқа да өндірістік нысандар іске қосылып отыр. Жуық маңда Макин қаласында 320 орындық бала бақша, 120 орындық еңселі мешіт халық игілігіне берілетін болады.