Бүлдіршінді көлігімен қағып кеткен жүргізуші оны тұрғын үйдің ауласына жеткізіп, тастап кетті

ҚОСТАНАЙ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайдың жол полициясының қызметкерлері бүлдіршінді көлігімен қағып кетіп, оны тұрғын үйдің ауласына жеткізіп, тастап кеткен жүргізушіні ізін суытпай құрықтады.
None
None

«БМВ» автокөлігін басқарып келе жатқан жүргізуші жүргіншілер өтпесінен өтіп келе жатқан сегіз жасар бүлдіршінді қағып кетті. «Жылап отырған балаға келген ол, оны қолына алып, көлігіне салып алған, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметкері Сәуле Нұрпейісова. - Одан кейін бірнеше квартал жүріп, тұрғын үйдің ауласына келіп, үй кіреберісіндегі сәкінің үстіне баланы жатқызып, ізін суытады. Жылап жатқан баланы осы үйдің бір азаматшасы тауып алды. Бала оған өзінің көлік соғып кеткенін жеткізеді. Содан кейін әйел азаматша жедел жәрдем мен полицейлерге хабар береді».

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жол полициясының қызметкерлері күдікті азаматты құрықтады. Оның айтуынша, ол болған оқиғадан кейін есеңгіреп, не істеп жатқанына есеп бере алмаған.

Соңғы жаңалықтар