Бурабай ауданында 4 171 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданында ағымдағы жыл басынан бері 4 171 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді,
None
None

бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Владимир Балахонцевтің айтуынша, жыл ішінде өңірде құрылыс жұмыстарын іске асыру мақсатына 510,7 миллион теңге инвестиция тартылған, бұл былтырғы деңгейге қарағанда 7,3 есеге артық. Қарастырылған қаржының 500 миллион теңгеге жуығы жекеменшік баспана салушылар есебіне, қалғаны мемлекеттік меншік үлесіне тиесілі. Бұл ретте тұрғын үй бағдарламасына 95,4 миллион теңге инвестиция тартылып отыр. Оның барлығы дерлік жеке тұрғын үй салушылар қаржаты.

Жалпы облыс бойынша ағымдағы жыл ішінде құрылыс жұмыстарына 3 миллиард 78 миллион теңге, соның ішінде тұрғын үй құрылысына 740 миллион теңге жаратылған. Нәтижесінде 50 630 шаршы метр баспана пайдалануға беріліп, өсім 2,1 есеге деңгейінде қалыптасты.

Соңғы жаңалықтар