Бурабай ауданында «Аграрий» ЖШС-і 7мың 500 тонна картоп жинады

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Серіктестік жетекшісі Яков Варкентиннің айтуынша, биылғы жылы бұл дақыл 597 гектарға орналастырылып, оның әр айналымынан 126 центнерден өнім алынған. Кәсіпорында озық технологиялық жүйе кеңінен қолданысқа енгізіліп, шетелдік жаңа техникалармен қамтылған. Мұның өзі еңбек өнімділігін арттырып, өзіндік құнын едәуір арзандатуға мүмкіндік беріп отыр. Қазірде серіктестікте 70 адам жұмыс жасайды. Германдық 5 картоп жинау комбайны сатып алынған. Сыйымдылығы 4,5 мың тонна қоймада қалыпты температураны қамтамасыз ету автоматтандырылған. Қазірдің өзінде Астана мен Көкшетау қалаларындағы, еліміздің Оңтүстік және Батыс өңірлеріндегі тұтынушыларға картоп жөнелту жұмыстары басталған. Келер жылы дақыл егістігін молайтып, өнімділігі жоғары, сақтауға қолайлы «Рамон», «Алладин»,«Невский» сорттарын көптеп отырғызуға ден қойылмақ.