Бурабай ауданында жасырын ойын бизнесі әшкереленді

КӨКШЕТАУ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданының орталығы Шортан  қаласында жасырын ойын бизнесі орталығы әшкереленді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан прокуроры Қайсар Жұмағалиевтің айтуынша, «Жуу бұйымдары» сауда орны түн мезгілінде заңсыз пайда табу орталығына айналғаны анықталып отыр. Сыртынан көзге ілінбес нысанға кіріп-шығу оңай емес. Темір есікпен қымталған нысанға тек арнайы белгі, тексерістен өткен, сенімді өкілдерінің кепілдігімен келіп, «мауқыңды» басуға болады. Кезекті рейд кезінде жасырын ойын-сауық мекенін жергілікті полиция қызметкерлері әшкерелеп, ондағы 12 ойын автоматы тәркіленді. Қолға түскен күдікті 23 жасар А.есімді азаматша аспаннан түскендей, «ештеңеден хабарсызбын, кеше ғана орнатылды»,- деп ақталумен болып отыр. Тіпті кәсіпкерлікпен айналысуға еш рұхсаты да жоқ көрінеді. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда. Жалпы аудан көлемінде жыл басынан бері осындай үш оқиға анықталып отыр.

Соңғы жаңалықтар