Бурабай баурайында Абылай хан атындағы кешеннің тұсаукесері болды

КӨКШЕТАУ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданында орын тепкен «Бурабай» ұлттық- мемлекеттік табиғи паркте Абылай хан көрме кешенінің тұсаукесері болды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Абылай хан алаңындағы айтулы кешен тақырыптық жазулардан, «Әскери кеңес» сәулет композициясынан, ақпараттық стендіден тұрады. Игілікті істің ұйытқысы болған ҚР Президентінің Іс басқармасы мен «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясы көрінеді. Кешеннің басты мақсаты - кең көлемді, танымдық, идеологиялық және отансүйгіштік рухтағы тәрбиелік жұмыстарды атқаруды көздейді.Сонымен қатар жас буынды Қазақстанның бай тарихынан, мәдениетінен хабардар етіп, өңірде туристік кластерді кеңінен өрістестуге бағытталған.

Кешеннің салтанатты ашылуына қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, жұртшылық қатысты.

Соңғы жаңалықтар