Бурабай демалыс аймағының вокзалында жеңгетай ұсталды - КОІІД

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - «Стоп-трафик» жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде Бурабай демалыс аймағының вокзалында жеңгетайлық жасаумен айналысып жүрген жас келіншек ұсталды, деп хабарлайды Көліктегі Орталық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Таратып айтар болсақ, Бурабай курорты стансысының теміржол вокзалында орналасқан хауызда Ақмола облысының еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыны ұсталды. Ол әйел 6 мың теңгеге жыныстық қатынастар көрсету үшін 1984 жылғы азаматшаны саудалап жүрген болып шықты.

Аталмыш факті бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК 271 бабы 1 бөлімі бойынша (жеңгетайлық) қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралуда. Сараптама жұмыстары тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылғы тамыздың 9-ы мен 13-і аралығында КОІІД қызмет көрсету учаскелерінде «Стоп-трафик» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Аталмыш шараның мақсаты, адам саудасының, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасының алдын алу.

Соңғы жаңалықтар