Бурабай кентінде өзбекстандық азамат көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай кентінде құрылыс ағашынан Өзбекстан азаматы құлап мерт болды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Қайғылы жағдай 28 шілде күні сағат 14:30 минут шамасында Бурабай кентіндегі «Зерде-Құрылыс» ЖШС-нің жаңадан салынып жатқан нысанында орын алған. Құрылыс алаңында жұмыс істеп жатқан 1988 жылғы өзбекстандық азамат Ч.Нормуратов абайсызда 2 қабат үйдің биіктігіндей құрылыс ағашынан құлап кетіп, алған дене жарақатынан көз жұмған.

Қазіргі кезде аталған оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар