Бурабайда марал өсіріп, науқастарды пантамен емдеу тәсілі қарқынды дамып келеді
Жас маралдың мүйізінен алынған панталарды облыстың сауықтыру мекемелері алады. Емдеу-сауықтыру туризмі жайында алдағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің марал шаруашылығына бұғылар Шығыс Қазақстан облысынан әкелінді. Жүз елу бас маралдың табиғи ортада өсіп өнуіне барлық жағдай жасалған. Бүгінде алты жүз гектар алқап маралдардың тұрақты мекеніне айналды.
«Маралдар төлдеп, жылдан жылға саны артып келеді. Келешекте өндірістік қуатқа шығамыз деген жоспарымыз бар. Маралдардан панто аламыз. Кесілген жас мүйіздің салмағы 400-500 грамнан келеді», - деді «Бурабай» МҰТП марал шаруашылығының меңгерушісі Марат Омаров.
Бұғылардың мүйізін кесу науқаны мамыр айының аяғында басталады. Алынған шикізат өңделіп, Бурабай ауданындағы сауықтыру орындарына жөнелтіледі. Пантамен емдеу тәсілі дәстүрлі және халық медицинасында кеңінен қолданылады. Сүйекке айнала қоймаған жас мүйіздерде биологиялық белсенді заттар қоры көп кездеседі. Пантаның ғажайып емдік қасиетін ғалымдар маралдардың қорегімен байланыстырады. Кербез жануарлар шөптің тамырын таңдап жейді.
«Пантамен емделіп жатырмын. Буындардың, жүректың қызметін жақсартады. Менің беломыртқамда кінәрат бар. Достарымның кеңесімен келіп отырмын. Ем қабылдап жатқаныма бес күн болды, демалыс көңілімнен шықты», - дейді демалушы Самат Оразалин.
Бурабайдың сауықтыру туризмі шетелдік туристер арасында танымал бола бастаған. Ұлттық парктің ендігі жоспары шаруашылықты кеңейтіп, өндірісті жолға қою. Онда пантадан түрлі препараттар алуға мүмкіндік туады. Ақмола облысында емдеу-сауықтыру туризмімен қазір 50-ге жуық шипажай айналысады. Әзірге олардың 10-ы пантамен емдеу әдісін қолданады. Келешекте бұнда олардың саны артуы мүмкін.