Бурабайда мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімдігі мен сапасына партиялық бақылау мәселесі қаралды

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай баурайында орналасқан «Әлем» мейманханасының конференц-залында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы партиялық бақылау комитетінің ұйытқы болуымен
None
None
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімдігі мен сапасына партиялық бақылау» тақырыбында дөңгелек үстел басындағы іс-шара өткізіліп, оның барысында мемлекеттік қызмет ісіндегі стандарттарды игеру мәселесі қарастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алқалы басқосуға «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау комитеті мен партиялық бақылау комитеті жанындағы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі сарапшылар тобының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласы «Нұр Отан» ХДП филиалдары жанындағы аймақтық партиялық бақылау комиссияларының төрағалары, басқа да партиялық құрылым басшылары мен лауазымды қызметкерлері қатысып, күн тәртібінде қаралған мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Жиынға төрелік еткен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімдігі мен сапасына партиялық бақылау жайын тілге тиек етіп, партиялық бақылау ісінің қазіргі деңгейі мен назар аударар тұстарды тарқатып, партиялық бақылауды жақсартуға бағытталған ойын ортаға салды. Облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Альберт Рау өңірдің әлеуметтік-экономикалық табысы, Елбасының Жолдауына орай жол картасын іске асыруға қатысты шаралар, облыс әкімінің порталы жайында пікірімен бөлісіп, бірқатар сауалдарға жауап берді. Әкім порталы 250 қызметті қамтып, барлық сала бойынша қызмет көрсету анықтамасы, тиісті заң актілері, қажетті құжаттар мен оны толтырудың жолдары, нақтылы лауазым иесінің электрондық пошта байланысы тұрғысында түсінік берді. Басқосу аясында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы істердің жағдайы, оның тиімділігін бағалаудағы қоғамдық пікірдің рөлі, әділет органдарының мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, азаматтық қоғам институттарының және партия іс-қимылының қолжетімдігі мен сапасын арттыру, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызмет жүйелері, қоғамдық бақылауды қалыптастыру жайы қарастырылды. ҚР Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары Ғалия Жолдыбаеваның айтуынша, бүгінгі таңда еліміз бойынша 300 қызмет көрсету орталығында 8360 адам жұмыс жасауда. Олар осы уақытта 57 қызметке сәйкес 1 миллион 667 мың құжат толтыруды қамтамасыз етіп отыр. «Қазпошта» АҚ арқылы 45 мың 920 өтініім түсіп, 39 мың 362 құжат әзірленген. Алдағы күнде электронды қызмет жүйесінің ауқымы кеңейтіліп, тұрғындар үшін қолжетімді болмақ. Басқосу қорытындысы бойынша тиісті органдардың жұмысын жетілдіруге оң септігін тигізуге бағытталған ұсыныстар қабылданды.
Соңғы жаңалықтар