Бурабайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған ЕҚЫҰ семинары өз жұмысын бастады

ЕНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бастамасымен бүгін Ақмола облысының Бурабай кентінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған екікүндік семинар өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ЕҚЫҰ баспасөз қызметі.
None
None

Іс-шараға ҚР құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық сарапшылар тобының өкілдері қатысады.

Семинардың күн тәртібінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелеріне қатысты халықаралық тәжірибені қарастыру, осы бағыттағы қоғамдық тәртіп органдары қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылау, сонымен қатар құқық қорғау органдарының құрылымдары мен азаматтық қоғам арасындағы өзара тиімді байланыстар тетіктерін жетілдіру мәселелері қаралады.

Соңғы жаңалықтар