Бұрынғы Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтің күйеу баласына іздеу жарияланды

АТЫРАУ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (қаржы полициясы) Рүстем Әлбақасовқа мемлекетаралық іздеу жариялады.
None
None

1978 жылы Ресей Федерациясында дүниеге келген Р. Әлбақасов бұрынғы Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтің күйеу баласы. Қаржы полициясы оны ҚР ҚК-нің 176 бабы, 3 бөлімі, «б» тармағы, 28 бабы, 4,5 бөлімдері, 307 бабы, 4 бөлімінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін іздеу жариялады. Құқық қорғау органдары растап та, теріске де шығармаған мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта Р. Әлбақасов Ұлыбританияда жүр.

Бұған дейін бұрынғы өңір әкімінің тағы бір туысы -  оның туған ағасы Аманжан Рысқалиға іздеу жарияланған болатын. Хабарланғандай, ол Бергей Рысқалиевпен бірге Лондонда жүр.

Соңғы жаңалықтар