Бұрынғы Қазақстан азаматтары мен этникалық қазақтар 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша тұрғылықты тұруға шақырылады

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қазір шетелде тұрып жатқан, бұрынғы Қазақстан азаматтары мен этникалық қазақтарды 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша тұрғылықты тұруға шақырады.
None
None

Бағдарлама аясында Бескөл аудан орталығының жанында, Петропавл қаласының шетінде орналасқан «Бәйтерек» шағын ауданындағы коттедждер беріледі.

Таңдауға жалпы аумағы 76 шаршы метр болатын пеноблоктан, діңгектен салынған коттедждер ұсынылады.

«Оралман» әлеуметтік бумасына отбасының құрамына сәйкес берілетін бір реттік жәрдемақылар кіреді. Мысалға, бес адамнан тұратын отбасыға төленетін бір реттік жәрдемақы мөлшері 1 миллион 130 мың 400 теңгені құрайды (7700 доллар).

Таныстыру турлары ұйымдастырылады.

Өкілетті мемлекеттік орган - «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-қон жөніндегі комитет департаменті».

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, М.Жұмабаев көшесі, 109.

Байланыс телефондары: 8 7152 46 87 60, 8 7152 31 06 37.

Соңғы жаңалықтар