Бұрынғы полицей ұрыны құрықтауға көмектесті

ТАЛДЫҚОРҒАН. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Өткен жылдан бері ішкі істер органдарының зейнеткері атанған жол полициясының бұрынғы майоры Ержан Молдахметов өзі таңдаған мамандыққа адалдығын зейнеткерлікте жүрсе де тағы бір паш етті.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, өзінің жеке отбасылық жағдайларына байланысты автокөлікпен Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылының шетіне барған Е.Молдахметов әйел адамнан қашып бара жатқан ер азаматты байқайды. Осы көріністі байқаған ол, күдік тудырған азаматтың артынан қуып, оны өзгенің қорасында тығылып жатқан жерінен қолға түсірді.

Әйелдің әңгімесінен белгілі болғандай, ұсталған азамат оның үйіне кіріп, әйелге тиесілі 500 АҚШ доллары мен 3700 теңгені ұрлап кеткен екен. Үйден шығар кезде кездейсоқтан үй иесіне соқтығысып қалған ол, тез арада ізін суытпақ болған екен.

Жергілікті АІІБ ұсталғанды жеткізген Е.Молдахметов оның осыған дейін түрлі қылмыстар үшін жеті рет сотты болғанын анықтады. Сондай-ақ, облыс орталығында ұрлық жасағаны үшін оның 2009 жылдың басынан бері іздеуде жүргені белгілі болды.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат Кербұлақ АІІБ уақытша оқшаулару абақтысына қамауға алынды..

Жергілікті полиция басшылығы өздерінің бұрынғы полицейлерінің қылмыскерді ұстауға қосқан үлесін жоғары бағалап, оған сыйақы беру туралы ұсыныспен облыстық басшылыққа шықпақ.

Соңғы жаңалықтар