10:08, 25 Ақпан 2012 | GMT +5
Бұрынғы реніштері есіне түскен мас әйел ескі танысын өлтіре жаздады - Екібастұз
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Екібастұз тұрғыны адамға ауыр жарақат тигізгені үшін айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді,

деп хабарлады Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметінен. ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес бұл шартты болып табылатын, үш жылға дейін сынау мерзімі белгіленген жаза.
Айыпталушы әйел кездейсоқ жолықтырған таныс ер адамның бүйрегіне өмірі үшін қауіпті болып келетін пышақ жарақатын салды. Кейіннен дәрігерлерге бұл бүйректі алып тастауға тура келді.
Екеуі де мас болған, әйел ер адамға ескі реніштерін айтқан соң, олардың арасында ұрыс туындады. Көзіне соққы алған еркек таяқты алып, әйелге таянған кезде, әйел оған пышақ салды.
Әйелдің кәмелеттік жасқа жетпеген қызын жалғыз өсіріп жатқанын және жәбірленген азаматқа тигізген зиянын өз еркімен толық мөлшерде өтеуін ескерген сот кінәні жұмсартты.