18:17, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
Бұрынғы судья Ербол Панзабековке үкім шығарылды
ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 6-ы. ҚАзАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайда бұрынғы Қостанай әкімшілік сотының төрағасы Ербол Панзабековтың үкімі жария етілді. Ол төрт адамды өлтіруге қастандық жасағаны үшін айыпты деп танылған, олардың қатарында бұрын әйелі болған, Қостанай арнайы мамандандырылған экономикалық соттың бұрынғы судьясы, қазіргі «Аденстрой» ЖШС директоры Балжан Уәлиева бар.
Істі жүргізген Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Сергек Баймағанбетов Панзабековты жеке мүлкін тәркілеумен қатар қатаң режимді колонияда жазасын өтеуге 10 жыл ғабас бостандығынан айырды. Бұрынғы судья сондай-ақ ІІІ дәрежелі біліктілік класынан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Панзабеков Б.Уәлиева және оның екі туысқаны мен жүргізушісі мінген автокөлікке оқ атқан.