Бұрынғы вице-министр Дулат Күтербековке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды - Қаржы полициясы

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бұрынғы Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Күтербековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте Қаржы полициясы төрағасының орынбасары Андрей Лукин мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, вице-министр Д. Күтербековке, автомобильдер жолдары комитеті төрағасының орынбасары Өмірбаевқа, сондай-ақ заңды тұлғалар жетекшілері Сыздықовқа және Айтүкеноваға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Атап айтқанда олар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы бойынша техникалық экономикалық негіздемені әзірлеу тұрғысында мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу кезінде көлемі 307 млн. теңгенің 126 млн. теңгесін жымқырып, мемлекетке елеулі шығын келтірді.

Естеріңізге сала кетейік, автожол саласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру кезінде бюджеттік қаржыны пайдалануда 10,5 млрд. теңге сомасында заң бұзушылықтар анықталғаны жөнінде Есеп комитеті ақпарат таратқан болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум