БҰҰ: Академик Нұралы Бектұрғанов жаңа технологияларды дамытудың қазақстандық перспективалары туралы әңгімелеп берді

-ЙОРК.  Қазанның  29-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -   Нью-Йоркте, Біріккен  Ұлттар Ұйымының  штаб-пәтерінде   Қазақстан мен  Ресейдің   БҰҰ  жанындағы тұрақты  өкілдіктерінің    ұйымдастыруымен  «Өркениеттер болашағы және  өркениетті серіктестіктің  стратегиясы»  деген тақырыпта «дөңгелек  үстел»  отырысы  өтті.
None
None

Осынау   шараның аясында     ресейлік  және қазақстандық   жетекші   зерттеушілер    2050 жылға дейінгі   кезеңдегі өркениеттер  дамуының жаһандық болжамын      және   осынау    бірлескен қазақстан-ресей  зерттеулеріне  негіз болған  Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Жаһандық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы   және  өркениеттер  серіктестігі»   кітабын     таныстырды.

«Парасат»   Ұлттық  ғылыми-технологиялық    холдингі басқармасының  төрағасы,  ҚР Ұлттық Ғылым  академиясының академигі  Нұралы Бектұрғанов    өз сөзінде,  Елбасы   кітабының  негізгі  тезистеріне  тоқталды.  «Жаһандық    қоғамдастық    үлкен сілкіністердің алдында тұр және    жүйелі  жауап   үшін    барлық мемлекеттер мен өркениеттердің күш-жігерін біріктіруге күш салу керек»,  деді  ғалым    кітап  авторының    ұстанымын      таныстырып.   Осы бағытта  жасалып  отырған    негізгі  қадамдар -  жаңа  технологияларды дамыту  және     кейінгі саяси   іс-қимылдар. 

Нұралы Бектұрғанов,    сондай-ақ, негізгі  қызметі  ғылыми  және   технологиялық  жобаларға жағдай  жасау,      оларды  жинақтау  және     коммерциялық негізде  жүзеге асыруға    бағыттау  болып табылатын    «Парасат»  ғылыми-технологиялық   холдингі  туралы  әңгімелеп берді.  Көптеген зерттеулер  ресейлік мамандармен ынтымақтастықта,    оның ішінде    Жоғары  технологиялардың  халықаралық  орталығы  аясында   жүзеге асырылуда.  Атап  айтқанда,   екі елдің ғалымдары   күн батареяларының   тиімділігін  32 пайызға арттыруға  қол жеткізіп  отыр.   Оған қоса, ғалымның пікірінше,   Қазақстанда кремний технологиясы  да  дамып келеді.  

Соңғы жаңалықтар