БҰҰ АТМЭӘК 69-шы сессиясында Қазақстан ұсынған қарар қабылданды

«Табиғи апаттар мен ірі экономикалық дағдарыстарға тұрақтылықты жоғарылату мүмкіндіктері» тақырыбындағы сессия макроэкономикалық саясат, жоқшылықпен күрес, көлік, қоршаған орта және оның дамуы, ауылшаруашылығы, Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы тұрақты экономикалық және әлеуметтік даму, БҰҰ АТМЭӘК-ның аймақтық мекемелерінің жұмысы, Комиссияның шешімі мен қарарын іске асыруда қол жеткізген прогресс, 2014-2015 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы және 2015 жылдан кейінгі кезеңдегі даму саласына арналған күн тәртібі секілді мәселелерді қамтыды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, ҚР делегациясы қатысушыларды Қазақстан Үкіметінің ұлттық және аймақтық деңгейде «жасыл» экономиканы одан әрі дамыту бойынша жүргізілген саясаты мен «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қолданылған шаралар туралы хабардар етті.
69-шы сессия барысында Қазақстан Республикасы ұсынған: «Біз қалайтын - болашақ» атты Рио+20 конференциясының қорытынды құжаты бойынша келесі қабылданатын щаралар аясында «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру» атты БҰҰ АТМЭӘК-ның қарарын консенсус негізінде мақұлдап қабылдады.