БҰҰ Бас хатшысы ресми сапармен Түрікменстанға келді

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ресми сапармен Түрікменстанға келді. Пан Ги Мунның Орталық Азияның бірқатар елдеріне жоспарланған жұмыс сапары Ашғабадтан басталып отыр,
None
None

деп хабарлайды Associated Press.

Сапардың мақсаты - әлемдік жұртшылықтың назарын Орталық Азия проблемаларына аудару, сондай-ақ аймақтағы адам құқықтарын дамытуға қолдау көрсету болып табылады.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанға сапармен келетінін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Бас хатшының Қазақстанға сапары сәуірдің 6-7-сі күндері өтеді деп жоспарлануда.

Сапар аясында Пан Ги Мун Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, Семей өңірінде болып, бұрынғы ядролық полигонға ат басын тірейді.

Соңғы жаңалықтар