БҰҰ Бас хатшысының Семей өңіріне сапары күтілуде

СЕМЕЙ. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның Қазақстан Республикасына ресми сапарының барысында, сейсенбі, сәуірдің 6-сы күні оның Семей өңіріне сапары күтілуде.
None
None

Семей қаласының ішкі саясат бөлімінен хабарлағандай, сапардың алдын-ала бағдарламасына сәйкес, Пан Ги Мун мырза Семей әуежайына сағат 13.00 шамасында Душанбеден арнайы рейспен ұшып келеді де, Курчатов қаласына аттанады. Онда Пан Ги Мун Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен, Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімовамен, Шығыс Қазақстан облысының, Семей қаласының әкімдерімен, БҰҰ-ның бөлім басшылары және мамандарымен бірлесіп, «ТОКАМАК» Ядролық технологиялар технопаркіне барады, 40 жыл бойы ядролық сынақ өткізіліп келген полигонда болып, ядролық қарусыздану мәселесіне арналған мәлімдеме жасайды.

БҰҰ Бас хатшысына еріп жүрген делегация мүшелерінің бір бөлігі Семейде жұмыс жүргізеді. Олардың сапар бағдарламасында БҰҰ Бірлескен бағдарламасының аймақтағы өкілдерімен кездесулер, Аймақтық онкологиялық диспансердің Радиологиялық орталығында болу, Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының таныстырылымына қатысу жоспарланған.

Пан Ги Мунның Семей өңіріне сапарын әлем жұртшылығына таныстыру мақсатында сәуірдің 4-і күні қалаға әлемнің жетекші БАҚ-тарының журналистері келді.

Соңғы жаңалықтар