БҰҰ-да Н.Назарбаевтың «Жаһандық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» кітабы таныстырылды

Жиналған қауым ғалымдар әзірлеген 2050 жылға дейінгі кезеңдегі өркениеттер дамуының жаһандық болжамын талқылады. «Дөңгелек үстел» отырысының аясында сондай-ақ, аталмыш тақырыпқа арналған бірлескен қазақстан-ресей зерттеулеріне негіз болған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаһандық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» кітабының таныстырылымы өтті.
Ресей Федерациясының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Виталий Чуркин өз сөзінде, таныстырылып отырған ғылыми жұмыстардың отандық және шетелдік ойлардың үздік үлгілеріне тән гуманистік пафосқа толы екенін атап көрсетті. Елшінің пікірінше, жаңа идеяларды ілгерілетуде мемлекеттердің, сол мемлекеттердің көреген өкілдерінің қолдауы аса маңызды. «Осы тұрғыда мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
даму жолының маңызды бағыттарының біріне талдамалық зерттеулер жүргізуде атқарып отырған оң ролін ерекше атап өткім келеді», деп атап көрсетті дипломат.
Жиында сөз сөйлеген Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Бірғаным Әйтімова, 2050 жылға дейінгі өркениеттер болашағы және өркениетті серіктестік стратегиясының жаһандық болжамын жасауға атсалысқан ресейлік және қазақстандық ғалымдарға алғыс білдірді.
Қазақстан миссиясының басшысы мемлекеттер мен өркениеттер серіктестігі қағидасының негізінде заманауи ығыттар мен тітіркеністерге жүйелі жауап берудің маңыздылығын атап көрсетті. «Қазақстан қарқынды дамушы және энерготасымалдағыштар жеткізуші ел болып табылады және жаһандық теңгерім мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзінің жауапкершілігін толық сезінеді. Міне сондықтан да, Қазақстан Республикасының Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясының мінберінен Жаһандық энерго-экологиялық стратегия әзірлеу туралы ұсыныс жасады», деді Б.Әйтімова өз сөзінде.