БҰҰ Даму бағдарламасы аясында бөлінетін шағын несиелердің 50 пайызын әйел кәсіпкерлер иеленіп отыр

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - БҰҰ Даму бағдарламасы аясында бөлінетін шағын несиелердің 50 пайызын әйел кәсіпкерлер иеленіп отыр. Бүгін «Бизнестің Жол картасы -2020: гендерлік сипаты» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында БҰҰ Даму бағдарламасы Тиімді басқару және өңірлік даму департаментінің басшысы Бақыт Әбілдина осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«БҰҰ Даму бағдарламасы сонымен бірге жалпы ұйым бизнесті қолдауға ұдайы көңіл бөліп келеді және бұл 2 мыңжылдық Декларациясында атап көрсетілген болатын. Онда мыңжылдық мақсаттарына әріптестіксіз, бизнес-құрылыммен бірлесе әрекетсіз қол жеткізу мүмкін еместігі жазылған», деді Б. Әбілдина. Оның айтуынша, БҰҰ Даму бағдарламаларының Қазақстанда жүзеге асыру тәжірибелері барысында әйелдердің ер азаматтарға қарағанда бизнеске үлкен жауапкершілікпен қарайтыны анықталған. «Нәзік жандылар несиелерін уақытылы құйып отырады, бизнесте өз алдарына айқын мақсат, міндеттер қоя алады. Сондықтан да болуы керек, БҰҰ аясындағы жобалар бойынша берілетін шағын несиелердің 50 пайыздан астамын әйелдер иеленіп отыр», деді Б. Әбілдина.

Соңғы жаңалықтар