БҰҰ Даму бағдарламасы Семейде үшкүндік семинар өткізуде

СЕМЕЙ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Бүгін Семейде «Бизнес-менеджмент, бизнес-жоспарлау, кәсіптік-техникалық білім, сапалы анализ, шағын несиелендіру, шағын лизинг» тақырыбына арналған үшкүндік семинар өз жұмысын бастайды.
None
None

БҰҰ-ның Даму қоры бұл шараны «Бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағында адами қауіпсіздікті күшейту» жобасы аясында қала әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Семинарға өз тәжірибелерімен бөлісе алатын және өз ісін енді ғана ашқалы отырған кәсіпкерлер қатысады. Семинар барысында қаржы дағдарысы кезінде, шектеулі капиталмен іс жүзінде жүзеге асыруға болатын ең өзекті бизнес-жобаларды қарау жоспарлануда. Семинарға қатысушылар сондай-ақ ауыл кәсіпкерлігімен егжей-тегжей танысатын болады. Сарапшылар сонымен бірге, шағын лизинг, шағын несиелендіру формасы сияқты ұғымдарға ерекше назар аудармақ.

Соңғы жаңалықтар