БҰҰ ДБ жобасын басқару комитетінің отырысында оның іске асырылу барысы қаралды

СЕМЕЙ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде өткен «Бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағында адам өмірінің қауіпсіздігін күшейту» жобасын басқару комитетінің отырысында Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы агенттігінің, Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің, қала әкімдігінің өкілдері және тәуелсіз сарапшылар оның іске асырылу барысын қарады.
None
None

Жапония Үкіметі қолдаған және үш жылға есептелген жоба 2008 жылы басталған болатын. Оның міндеттерін орындай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы агенттігінің қызметкерлері аймақтағы ауылдық округтарда тұратын халыққа консалтингтік қызметтер көрсетеді, ауылдағы кәсіпкерліктің әлеуетін арттыру, ауыл тұрғындарын бизнеске тарту, шағын несиелендіру және шағын лизинг бағдарламалары арқылы оларды қаржыландыруға қол жеткізуі үшін тренингтер мен семинарлар өткізеді.

БҰҰ ДБ семейлік өкілдігінің мәліметі бойынша, өтіп бара жатқан жылы 33 жобаға қатысушы жалпы сомасы 100 мың АҚШ долларының шағын несиелерін алды.

Жоба аясында аймақтың әлеуметтік мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. 2009 жылы БҰҰ ДБ агенттігі халықтың әлеуметтік әлсіз бөлігінің өткір проблемаларын шешуге бағытталған 40 мың АҚШ доллары сомасының 13 грантын мақұлдады.

Жобаны басқару комитетінің отырысында БҰҰ ДБ-ның барлық агенттіктері Семей қалалық әкімдігімен және аймақ елді мекендерінің әкімдерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтіні айрықша атап айтылды.

Соңғы жаңалықтар