БҰҰ мен Қазақстанның өзара байланысы жаңа жоғары деңгейге көтеріліп келеді - Мемлекеттік хатшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ мен Қазақстанның өзара байланысы жыл сайын жаңа әрі жоғары деңгейге көтеріліп келеді. Бүгін Ақордада Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа және ТМД елдері бойынша өңірлік жетекшісі Джихан Султаноглумен кездесуі барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті.
None
None

«БҰҰ мен Қазақстанның өзара байланысы жыл сайын жаңа, жоғары деңгейге көтеріліп келеді. Біз БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мырзаның 2015 жылы Астанаға жасаған сапарын жоғары бағалаймыз. Сонымен қатар, біз БҰҰ басшысы мен ұйымның агенттіктері басшылықтарын Астана экономикалық форумын өткізуге қолдау білдіргендері үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің алқалы жиынға жыл сайынғы қатысуларыңыз форум жұмысына үлкен маңыз береді», - деді Мемлекеттік хатшы.

Сонымен қатар, Г. Әбдіқалықова ҚР Президентінің былтырғы жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-і сессиясына қатысып, онда бірқатар маңызды ұсыныстар жасағанын мәлім етті. Соның бірі 2045 жылға дейінегі Стратегиялық бастамалар Жоспары. Бұдан басқа, Мемлекеттік хатшы ағымдағы жылдың басында Президент Н. Назарбаев АҚШ-тағы жаһандық саммитте «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жариялағанын, ол Ассамблея тарапынан ресми құжат ретінде қабылданғанын атап өтті. «Стратегиялық бастамалар Жоспары мен Манифест бір бірімен өзара байланысты. Осы екі бастама да қақтығыстық жағдайларды болдырмауға, әлемде бейбітшілікті орнатуға бағытталып отыр», деді Г. Әбдіқалықова.

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ДБ арасындағы ынтымақтастық келешегі, Негізгі бағдарлама аясында әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды. Бұл ретте Мемлекеттік хатшы Г. Әбдіқалықова БҰҰ ДБ-мен ынтымақтастықтың барлық қырлары бойынша әріптестікті жалғастыру, соның ішінде Астана қаласында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Өңірлік хабты ілгерілету бойынша жобаларды бірлесе қаржыландыру мәселесіне қызығушылық білдірді.

Соңғы жаңалықтар