БҰҰ өкілі Қазақстанның Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорға төрағалық етуіндегі қызметін оң бағалады

ТАШКЕНТ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бөрібай Жексембиннің Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың басшысы, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Мирославом Енчамен кездесуі өтті.
None
None

Қазақстандық дипломатиялық өкілдіктен мәлім еткендей, кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық, сауда, инвестициялық және мәдени салалардағы екіжақты қарым-қатынастың ағымдағы жағдайы мен болашағын талқылады, сондай-ақ су проблемасы мен Ауғанстандағы жағдай бойынша пікір алмасылды.

Өз кезегінде М.Енча, қазақстандық дипөкілдіктің басшысын Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың жұмысы және Орталық Азия елдеріне жоспарланған сапарлар барысында болатын кездесулер туралы айтып берді.

БҰҰ өкілі Қазақстанның Аралды құтқару бойынша халықаралық қорға төрағалық етуіндегі қызметіне оң баға берді.

Өз кезегінде Б.Жексембин, елдің тәуелсіздік жылдары ішінде жеткен жетістіктері, экономикалық әлеуеті, республикадағы жағымды инвестициялық ахуал туралы, Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстанның маңызды рөлі, Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалпына келтіру ісіне қосып жатқан үлесі туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ұсынды.

Сондай-ақ оның назарына Қазақстан мен Қырғызстан Республикалары арасындағы қарқынды дамып отырған көпжоспарлы қарым-қатынастар туралы ақпараттар жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар