14:50, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
БҰҰ Семей ядролық полигонынан зардап шеккен аймақтың экологиясын қалпына келтіруге көмектесетін болады
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - БҰҰ Семей ядролық полигонынан зардап шеккен аймақтың экологиясын қалпына келтіруге көмектесетін болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақтың экологиясын қалпына келтіру, зардап шеккен адамдарға көмек көрсету үшін біз Қазақстан Үкіметімен және Еуропалық Одақ мемлекеттерінің, басқа да елдердің Үкіметтерімен жұмысты жалғастыратын боламыз», деді бүгін Ақордада БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстан басшысы Н. Назарбаевпен болған келіссөздер барысында.
«Бұдан әлі адамдардың қанша буыны зардап шегетінін білмеймін. Алайда біз оларға жан-жақты көмек көрсетуіміз керек», деді БҰҰ Бас хатшысы.