БҰҰ шешімімен 2010 жыл халықаралық биоалуандық жылы болып жарияланды

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Биылғы жыл БҰҰ шешімімен халықаралық биоалуандық жылы болып жарияланды. Осыған орай бүгін Алматыда табиғат қорғау ұйымдары баспасөз мәслихатын өткізіп, халықты табиғатты қорғауға баса назар аударуға шақырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері табиғатқа көңіл аударуды көктемде алғаш қылтиятын гүлдерді қорғаудан бастауға шақырды. «Қазір әлем болып табиғат қорғауды басты назарда ұстап отыр. Сондықтан биыл БҰҰ-ның 61-ші сессиясы барысында биыл биоалуандық жылы болып жарияланды. Бұндағы басты мақсат-әлем назарын биоалуандықты сақтауға шақыру, табиғатты қорғауға назар аудару, ерекше қорғалатын аумақтар санын ұлғайту» дейді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық менеджері Құралай Кәрібаева.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның 8,2 пайызы ерекше қорғалатын аймаққа жатады. Ал әлемдік қалып бойынша мемлекет аумағының 10-12 пайызы ерекше қорғауға алынуы тиіс. Бұл бағытта Қостанай облысында «Алтын дала», Ақмола мен Қарағанды облысында «Бұйратау», Шығыс-Қазақстан облысында Тарбағатай ұлттық табиғи паркі, Жетісу өңірінде Жоңғар Алатау ұлттық табиғи паркін құру жұмыстары жүргізілуде. Ал қазіргі кезде 10 ұлттық қорық, 10 ұлттық табиғи парк, 3 табиғи резерват, 50 мемлекеттік табиғи заказник жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар