15:23, 03 Наурыз 2010 | GMT +5
БҰҰ жол қауіпсіздігінің онжылдық іс-қимылын жариялады
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясы жол қозғалысы қауіпсіздігінің онжылдық іс-қимылын жариялады.
Онжылдық келесі жылы басталады және 2020 жылға дейін созылады. Оның қарарын Ресей ұсынған болатын, бұл құжатты 70-тен астам делегация қолдады.
Құжатта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына және БҰҰ-ның аймақтық комиссияларына мыңжылдық мақсаттарына қол жеткізуге арналған іс-қимыл жасау жоспарын жасау ұсынылды.