Былтыр еліміздің телекоммуникация саласындағы жылдық табыс 412 млрд. теңгені құрады - Қ. Есекеев

аурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Былтыр еліміздің телекоммуникация саласындағы жылдық табыс 412 млрд. теңгені құрады.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2009 жылы телекоммуникация саласының жылдық табысы 412 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте пошталық қызмет 12 млрд. теңгеге, ақпараттық технология саласы 90 млрд. теңгеге артты. Алдағы жылдарды болжаулар бойынша біз 2015 жылға қарай телекоммуникация саласындағы табысты 100 пайызға арттырамыз деп отырмыз. Бұл ретте алдағы бес жылда пошталық қызмет табысы да сәйкесінше 100 пайызға көтерілсе, ақпараттық технологиялар табысы 130 пайызға арта түседі деп күтілуде. Тоқтала кететін жайт, бүгінгі күні осы салада халықаралық тәжірибе бойынша талдау жүргізілетін технологиялық және адами құндылықтар негізінде дамитын екі үлгі айқындалғаны белгілі. Осы үлгілерде кең жолақты ғаламторға қолжетімділік - экономиканың шикізаттық емес секторы секілді ақпараттық технология саласының дамыту катализаторы ретінде қарастырылады», деді Қ. Есекеев.

Соңғы жаңалықтар