Былтыр қазақстандықтардың 80 пайызы пара бермеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың 80 пайызы өткен жылы пара бермеген. Мұндай дерекпен "Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің  өкілдерімен кездескен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Кездесу барысында ол Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижелерін жария етті.  Сауалнама нәтижесіне сәйкес, оған қатысқан ел азаматтарының 80 пайызы соңғы жылдары өздерінің пара беруіне тура келгендігін атап өткен.

Агенттік төрағасы орынбасарының атап өтуінше, қоғамдық бақылау институтын енгізу, сонымен қатар "Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігі және өзге де қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып жұмыстар жүргізу елдегі жемқорлық ахуалдың алдын алуға оң септігін тигізіп отыр. Қазақстандағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында енгізілген қоғамдық омбудсмен институтына мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тегін кеңес алуға 700-ден астам азамат жүгінген.

Өз кезегінде аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасы Төлеген Байгұлов жан-жақты қолдау көрсеткен және шынайы сынды қабылдап, проблемаларды шешуде шұғыл арада жол таба білген агенттік басшылығына ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында оған қатысушылар «Астана - адалдық алаңы» жобасын іске қосу туралы шешім қабылдады. Аталған жоба еліміздің елордасын жемқорлықтан азат қалаға айналдыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум