Былтыр «Оңтүстік» индустриялық аймағында жалпы құны 2,6 млрд. теңгеге 7 инвестициялық жобасы іске асырылды

Онда облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары шығарылды және Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын іске асыру тұрғысынан 2012 жылдың міндеттері айқындалды.
ҚР Премер-Министрдің рm.kz. сайтында хабарланғандай, Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасын дамытуға 273 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр. Инвестициялық салымдардың басым бөлігі - шағын кәсіпорындардың үлесі. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 50 пайызға ұлғайған.
Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 361,4 млрд. теңге соманың өнімін өндірді, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 45 млрд. теңгеге көп. Жаңа кәсіпорындар ашудың, өндірістерді кеңейтудің есебінен 16 080 жаңа жұмыс орны құрылды.
2011 жылы «Оңтүстік» индустриялық аймағының аумағында жалпы құны 2,6 млрд. теңгенің 7 инвестициялық жобасы іске асырылды.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов тұрғындармен болған кездесуде 2012 жылы өңірдің алдында тұрған міндеттерді айқындады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бірінші кезекте тұрған міндеттердің бірі болып табылады.
Оған қоса, облыстың алдында қолжетімді баспана салу, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, Индустрияландыру картасының жобаларын жүзеге асыру міндеттері тұр.
Бұлармен қоса, әкім ТКШ саласын жаңғырту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендерге газ тарту, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын, денсаулық сақтау мен білім беру саласын дамыту жөніндегі жоспарларға ерекше тоқталды.