12:20, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Былтырғы жылы ШҚО-да ең көп таралған дерт үстіңгі тыныс алу жолдарының өткір инфекциясы болды- статистика
ӨСКЕМЕН. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің мамандары былтырғы жылы үстіңгі тыныс алу жолдарының өткір инфекциясы,
ішек инфекциясы ауруларының саны артқанын анықтады.
2010 жылы үстіңгі тыныс алу жолдарының өткір инфекциясы ең көп таралған дерт болған, 10 мың халыққа 1016 оқиға тіркелген. Сонымен қатар 10 мың адам ішінен өткір ішек инфекциясымен ауырған 12,9 оқиға, тыныс алу органдарының туберкулезіне қатысты - 11,0, қышыма бойынша - 3,0, педикулезбен ауырған - 1,5, вирусты гепатитке қатысты - 0,8 және тұмауға қатысты 0,7 оқиға тіркелген.