Бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейтеттін заң қабылданды
Аталған заң жобасында бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының функцияларын күшейту және бюджеттік тәртіпті арттыру көзделеді.
Бұл ретте, бюджет процесіне қатысушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру мақсатында Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілетін болады.
Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске мемлекеттік нысаналы кредиттің не мемлекет кепілдігімен берілген кредиттің редакциясын нақтылау бойынша өзгерістер ұсынылған. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын талаптарды, бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет заңнамасын және бюджет жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігі қағидаттарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Бюджеттік тәртіпті арттыру және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды күшейту мақсатында мемлекет қазынасының пайдаланылмаған қаражаттарын келесі қаржы жылына ауыстыру нормасы қатаңдатылады. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру жөніндегі нормалар да күшейтіледі. Олар бекітілген қаржы-экономикалық негіздемелерге және бюджет қаражатының атаулығы мен нысаналы сипаты қағидатына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылатын болады.