10:39, 09 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бюджет қаражатын жымқырғаны үшін екібастұздық спорт бөлімінің шенеуніктері шартты түрде бес жылға сотталды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұз соты қызметтік жағдайын асыра пайдаланып сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін әкімдіктің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы мен бас маманын шартты түрде бес жылға бас бостандықтарынан айырды, деп хабарлады Павлодар облысы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлім бастығы бюджет қаражатын жымқыру мақсатымен турнирлер, жарыстар өткізу мен спортшылардың жарыстарға баруы үшін төленетін қаражатты бастығына әкеліп отырған бөлімнің бас маманымен сыбайластық жасаған.
Осылайша олар заңсыз жолмен бюджеттің 187 млн. теңге көлеміндегі қаражатына ие болған.