Бюджет тапшылығын 2,8 пайызға дейін айтарлықтай төмендету ең оңтайлы шешім болып отыр - Қаржы министрі

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елдің экономикалық жағдайына орай, бюджет тапшылығын 2,8 пайызға дейін айтарлықтай төмендету ең оңтайлы шешім болып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

«Республикалық бюджет жобасында 2011 жылы бюджет тапшылығын 2,8 пайызға дейін, яғни айтарлықтай қысқарту қарастырылған. Тоқтала кететін жайт, соңғы кезеңде бюджет тапшылығын ұдайы өсіру үдерісі белең алған болатын. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 83 млрд. теңгені құрап, жалпы ішкі өнімге 4,6 пайызды құраған еді. Әлем елдерінде қаржы дағдарысынан шығудың негізгі тетігі фискалды саясат құралы болғаны белгілі. Дегенмен, бюджет тапшылығын үдете түсу бюджетті теңдестіру қағидатын бұзады», деді Б. Жәмішев.

Сонымен бірге, министр әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында мемлекеттің негізгі міндеттемелеріне жоғары тәуекелдерді қалыптастырудың қауіптілігі арта түсетінін алға тартады. «Экономикалық жағдайды ескере келе, бюджет тапшылығын 2,8 пайызға дейін айтарлықтай төмендету ең оңтайлы шешім болып отыр», деген пікірін білдірді Қаржы министрі.

Соңғы жаңалықтар