Бюджетті орындамаған әкімшілерден бөлінген қаржы кері қайтарылып алынады - К.Мәсімов
«Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, жыл соңына қарай бюджеттің орындалуы қалай болатындығы шамамен белгілі болады. Сондықтан бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ұсыныс енгізіңіздер. Қыркүйекте біз Парламентке нақтыланған бюджетпен баруға келісім сұраймыз. Және бюджетті кім орындамаса, ақшаны кері қайтарып аламыз. Қаржыны қажетті жерге жұмсайтын боламыз»,-деді К. Мәсімов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы орайда Үкімет басшысы Қаржы министрі Болат Жәмішевке әкімшілік бюджеттің әкімшілермен орындалуы туралы ағымдық есепті ұсынуды жүктеді.
К. Мәсімов өз сөзінде Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмаларын әрі бірінші тоқсанның экономикалық қорытындыларын есепке алып, үкіметтік құжаттарға және стратегиялық жоспарларға сәйкесінше өзгертулер енгізу қажеттігін баса айтты.